Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қаңтар, 2021

Елордада қыз үшін жанжалдасқан жігіттер арасында атыс болды

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер үй ауласында  атысқан. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі   мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«24 қаңтарда 102 пультіне түнгі сағат 1:09 шамасында 19 және 23 жастағы екі ер адам атыс қаруынан алған жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түсті. Осыған дейін өзара таныс адамдар арасында қыз үшін төбелес болғаны, соның салдарынан қару қолданылғаны анықталды», - делінген полиция мәліметінде.

Белгілі болғандай, аталған жанжалға қатысқан барлық адамдар ұсталып, «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

 

468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз