Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қаңтар, 2021

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 100 млн-нан асты

Әлемде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 100 миллионнан асып кетті.

Антирейтингтің алғашқы үштігінде АҚШ тұр. Әрбір төртінші жағдай осы елде тіркелген екен. Екінші және үшінші орында – Үндістан мен Бразилия.

Негізі үш ай бұрын ғана әлемде расталған деректер саны 50 миллион болатын. Бірақ соңғы уақытта ондаған елде вирустың жаңа штамдары жылдам тарап кетті. Солардың ішінде бразилиялық және британдық мутациялар мамандарды аса қатты алаңдатып отыр.

Бен Валдимарссон, Лондон тұрғыны: – Алда не боларын болжай алмаймыз. Жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Түрлі елдердің эпидемиологиялық ахуалын салыстыру қиын шығар. Бірақ бізде Ұлыбританиядағы жағдай алаңдатарлық. Коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асады. Бұл деген өте көп. 

535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз