Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қаңтар, 2021

Табиғат таңғажайыптарын көрсететін фотобайқау жарияланды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мəліметінше «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясымен бірлесіп «Қазақстанның тұмса табиғаты - 2021» атты алғашқы республикалық фотобайқау өткізеді.

Жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сараптау комиссиясының құрамына кәсіби шетелдік және отандық фотографтар, фотосурет саласындағы сарапшылар, БАҚ өкілдері кіреді.

Байқауға әуесқой фотографтар мен 18 жастан асқан кәсіби мамандар қатыса алады. Қатысушылар жұмысы 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін қабылданады. Байқау шарттарымен Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің сайтынан толық танысуға болады.

Ұйымдастырушылар адам мен табиғаттың өзара қатынас мәселесіне, табиғи әртүрлілікті сақтауға қоғам назар аудару, қоршаған ортаны құрметтеу идеясын кеңінен насихаттауды көздейді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық білім берудің, мектеп қабырғасынан бастап халықты ағартудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты, Экология министрлігі қоршаған ортаны құрметтеу, жануарларға жауапкершілікпен қарау салаларындағы жағдайды жақсарту, сондай-ақ ұлттық парктерде экотуризмді дамыту үшін құжаттар пакетін дайындауда. Осы мәселелерді шешу үшін министрлік тиісті бас жоспарларды әзірледі, оларды халықпен талқылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық парктер жанынан қоғамдық кеңестер құрылды.


 

 

293 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз