Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 23 Ақпан, 2021

Аида Балаева: Адам кітап оқуды қойса, ойлануын да тоқтатады

Интернет пен технологияның дамуы және оның күнделікті өмірімізге дендеп енуі – бізді кейбір бұрынғы әдеттерден алыстатып жатқаны жасырын емес.

Солардың бірі – кітап оқу дағдысы десек қателеспейміз. Зерттеулерге сенсек, соңғы жылдары бүкіл әлемде кітап оқуға қызығушылық азая бастапты. Басты себептердің бірі ретінде – адамдардың қолындағы смартфон мен ғаламтор. Көпшілік адам кітапханаға барып, кітап іздеуді уақыт жоғалту деп санайды. Сондықтан ақпаратты қолындағы телефоны арқылы жылдам іздегенді жөн көреді екен.

Дегенмен, технология қанша дамыса да, білімнің қайнары – кітапта екендігімен ешкім дауласа қоймас. Сондықтан біз адамдар кітап оқымайды деп кінә артқаннан, жаңа заманға бейімделген нақты шараларды қолға алуымыз керек. Бұл ретте, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі іске қосқан – «Tynda» мобилді қосымшасы осы олқылықтың орнын толтырады деп сенемін.

«Tynda» қосымшасы арқылы кітапсүйер қауым – қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тілінде оқи алады. Сондай-ақ, аудиокітаптарды онлайын тыңдауға да мүмкіндік бар. Қосымшада «Классикалық проза мен поэзия», «Дала дауысы», «Абай әлемі», «Әлемдік классика», «Роман», «Хикаят», «Әңгіме», «Эссе», «Балалар әдебиеті», «Сатира», «Поэма», «Өлең», «Пьеса» сияқты жанрлар бар.

Адам кітап оқуды қойса – ойлануын да тоқтатады деген сөз бар. Кітап оқу – біздің рухани байлығымыз. Сондықтан бұл жаңа қосымша кітапсүйер қауымның уақытын үнемдеп, сүйікті кітабын жылдам әрі оңай табуға мол мүмкіндік беретін болады.

702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз