Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 04 Наурыз, 2021

Жоғарғы Сот пен АХҚО соты ынтымақтастық аясын кеңейтті

Жоғарғы Сотта Президенттің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти мырзамен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік төрағасы, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовпен, АХҚО соты аппараты басшысы әрі тіркеушісі Кристофер Кэмбелл-Холтпен кездесу өтті.

Меймандарға Жоғарғы Соттың Коммуникация орталығы таныстырылды. Оның басшысы Елдос Жұмақсанов ақпараттық кеңістікке тәулік бойы мониторинг жүргізу, жұртшылықпен және БАҚ-пен жедел «кері байланыс» орнату Орталық жұмысының негізгі басымдықтары деп атап өтті.

Дүниежүзілік Банктің сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жөніндегі жобасының тәуелсіз консультанты Назгүл Ерғалиева «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы шеңберіндегі үш жылдық жұмыстың қысқаша қорытындысын, сондай-ақ соттарға сенімді арттыруға арналған стратегиялық триггерлерді ұсынды. Ол судьяларды кәсіби бағалаудың жаңа әдістемесі мен Жоғарғы Сот іске асырған жобалардың негізгі нәтижелері бойынша сұрақтарға да жауап берді.

Жоғарғы Сот Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров жоғары сот органының Ахуалдық орталығының талдамалық әлеуеті және оның жергілікті соттар кеңселерінің қызметіне мониторинг жүргізу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қатысушыларға жаңа IT-әзірлемелер, соның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдану және сот практикасының біркелкілігін арттыру үшін үлкен деректерді талдау бойынша жаңа IT-әзірлемелер көрсетілді.

Жоғарғы Соттың судьясы Аслан Түкиев құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау аясында Жоғары Сот органының ұсыныстары туралы хабарлады.

С.Чакрабарти қазақстандық соттарда жүргізіліп жатқан өзгерістерді жоғары бағалады, сондай-ақ Жоғарғы Соттың бастамасымен іске асып жатқан жобалар туралы жұртшылықты, дипломатиялық корпус өкілдерін және халықаралық ұйымдарды үнемі хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.

Олардың қатарында сот төрелігінің сапасы, дауларды шешудің балама тәсілдері және онлайн сот отырыстарының мәселелері атап өтілді, пандемия кезіндегі артықшылықтар түсіндірілді.

«Жүйені өте қысқа мерзімде өзгерту мүмкін емес. Бірақ сот ісін жүргізуді жақсартуда үлкен серпіліс жасалды. Еліміз өзінің тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін әзірлеуі үшін әлі де көп жұмыс істеу керек», - деді С.Чакрабарти мырза.

Ол басқару мен цифрландырудың озық технологияларына сәйкес іске асырылып жатқан жаңалықтармен Мемлекет басшысы мен инвесторларды таныстыратынын атап өтті.

К.Кэмбелл-Холт АХҚО соты жалпы ағылшын құқығы жүйесінің юрисдикциясының және халықаралық төрелік орталығының жұмысы қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, кейбір елдердегідей сот актілерін орындауды қамтамасыз ету мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Ол соған қарамастан қазіргі уақытта АХҚО сотының жүктемесі 400 іске дейін едәуір артқанын атап өтті.

Спикердің пікірінше, Жоғарғы Сот пен АХҚО-ның өзара іс-қимылы қолайлы инвестициялық ахуал, бәсекеге қабілетті бизнес-орта, капиталдың өсуі және сыбайлас жемқорлықсыз тиімді сот қорғауы үшін негіз құрайды.

Қ.Келімбетов АХҚО, оның соты және АХҚО Халықаралық арбитраж орталығын құрудың тарихы мен стратегиялық мақсаттары туралы әңгімеледі.

«Қазақстан соттары туралы бірақ ақпарат алдым. Бұл туралы әр түрлі аудиторияларда көп айту керек, өйткені жекелеген адамдар соттардың жұмысы мен шешімдерін дұрыс қабылдамауы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өз проблемаларын сот арқылы шешуге ұмтылу үрдісі бар», - деді ол.

Кездесу соңында Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов жоғары сот органының АХҚО-мен өзара іс-қимыл шеңберін кеңейтуге әзір екендігін жеткізді.

 

641 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз