Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Наурыз, 2021

Porsche Қазақстанда 10 станция орнатады

Porsche электромобилі Қазақстанда 2020 жылы қарашада сатыла бастады. Үш айда брендтің ресми дилері алты автокөлік сатты. Ең қолжетімді нұсқа — Taycan 4S-тің бағасы 52 миллион теңгеден басталса, Taycan Turbo 65 миллионға бағаланды.

Марканың импортері қазақстандықтардың электромобильге қызығушылығын жоғары бағалап, инфрақұрылымды дамытуға қаражат салуды көздеп отыр. 2021 жылы елде он қуаттау бекеті салынады. Оның сегізі Алматыда, екеуі астанада орнатылады.

Биыл Taycan-ның модельдік желісі екі спорткармен толығады. Олар: Turbo S және Cross Turismo. Соңғысының таныстырылымы таяуда ғана өтті. Қазақстанға биыл жазда келеді. Көліктің бастапқы бағасы — 120 мың еуро.

300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз