Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Сәуір, 2021

Нағыз дос қандай болады?

Дос адам өміріндегі ең үлкен баға жетпес құндылықтардың бірі. Кезіндегі данышпандар да бұл сезімді ақшаға сатылмайтын махаббаттың бір түрі екенін атап өткен.

Адал дос Құдайдың бізге берген бір сыйы. Бірақ осы сөздің құны уақыт өткен сайын құлдырап барады. Айналамызда қаншама достар бар, олардың бәрі біз үшін шынайы емес, кейбіреуі өтірік кейіп танытса, мүмкін біреулер сізді шынымен де жақсы көреді. Ал сіз жақсы доссыз ба?   Мүмкін сіз өзіңізді керемет дос деп санайтын шығарсыз, бірақ бұл шынымен де солай ма? Басқалар сізге бұл туралы айтты ма, әлде бұл сіздің субъективті ойыңыз ғана ма? Қалай болғанда да, көптеген адамдармен дос болуды ұнататын жандардың өзіне тән белгілі бір ерекшеліктері бар. Олар сізге тән бе?

Достық - бұл өзара байыту процесі: басқаларға көмектесу, оларды қолдау және қол ұшын созу, бір нәрсені бөлісу және уақытты қызықты өткізу. Сапалы әлеуметтік байланыстар психикалық денсаулықты сақтайтын тіректердің бірі болып саналатыны бекер емес.

Сонымен, сіз дәл осындай нағыз дос екеніңізді қалай түсінуге болады? Төменде сіздер үшін арнайы нағыз достыққа тән қасиеттерді ұсынамыз.

1. Достарыңыздың өмірінде не болып жатқанына әрқашан қызығушылық танытыңыз

Туған күндер, мерейтойлар, балалардың есімдері, сүйікті тамағы , ата — аналардың денсаулығы және осыған ұқсас ақпараттарды есте сақтай отырып, біз басқаларға олардың шынымен қызықты және маңызды екенін көрсетеміз. Естеліктерді тек бірге өткізген уақыт туралы ғана емес, досыңыздың қазіргі өмірі жайлы да сақтап жүріңіз.

2. Сіз достарыңызды олардың артынша талқыламайсыз

Тіпті басқа жақын адамдармен жағымды қарым — қатынаста болсаңыз да өзге достарыңыз жайлы артық әңгіме айтпайсыз, өйткені бұл достықтың негізін бұзады. Қатынастар сенім мен адалдыққа негізделуі керек, демек, достар туралы өсек айтуға да, олар туралы басқалардың әңгімелерін үнсіз тыңдауға да болмайды. Достыққ адал болу керек.

3. Сіз ешқандай себепсіз байланысқа шығасыз

Егер сізге күн қызықсыз, іш пысарлықтай болса, әрине ең алдымен достарыңызға қоңырау шалып, іздей бастайсыз. Алайда бұл дұрыс емес. Сіз жақсы дос болғыңыз келсе, күнделікті себепсіз байланысқа шығуды әдетке айналдырыңыз. Сол арқылы арадағы қарым қатынас жақсара түседі әрі досыңыз өзін жалғыз сезінбейді.

4. Сіз оларды басқаруға және бақылауға тырыспайсыз

Сіз олардың қабылдаған шешімдеріне, мансаптық жолын таңдауда қолдау көрсетесіз. Өзіңізді бәрінен биік санап, эгоизмге жол бермеңіз. Бұл достар арсындағы түсініспеушілікті тудырады. Керісінше қарапайымдылықпен, өзгелерге қол ұшын созуға дайын тұрыңыз. Олардың өмірін бақылап, сөзіңізді өткізуге тырыспаңыз. Бәріміз адам болғандықтан, кейде қателіктер жібереміз. Егер досыңыз сүрініп кетсе, сіз оған әрдайым барынша көмектесіп, тура жолға бастаңыз.

5. Сіз олардың жеңісіне әр қашан да қуанасыз

Сіз достарыңызбен және олардың жетістіктерімен мақтанасыз, тіпті кейде қызғаныш сезімін сезінсеңіз де, жеңіс мерекесін тойламауға жол бермеңіз. Сіз достарыңыздың өз жоспарларын жасап, жаңа биіктерге жетуін шын жүректен қалайсыз. Өйткені олардың жеңісі бұл сіздің жеңісіңіз.

Мунира АМИРОВА

"Тұран" университетінің студенті

5300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз