Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 16 Сәуір, 2021

10 жылда бюджет есебінен 364 кино түсірілген

Кейінгі 10 жылда мемлекеттің қолдауымен 81 көркем фильм, 10 сериал, 69 дебют, 40 анимациялық фильм, 164 деректі фильм түсірілген.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов мәлім етті.

«Мемлекет қаржыландыратын фильмді іріктеудің өлшемдері оның жоғары көркемдік деңгейі, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының танылуына қызмет етеді.

Соңғы 10 жыл ішінде барлығы 364 фильм түсірілді. Оның ішінде: 91 көркем фильм (оның ішінде 10 сериал), 69 дебюттік фильм, 164 деректі фильм, 40 анимациялық фильм бар», - деді вице-министр редакция сауалына жолдаған жауабында.

Нұрғиса Діуешовтің айтуынша, заңнамаға ұлттық фильмдердің прокатынан түскен қаражаттың 20 пайызы мемлекетке қайтару талабын енгізілген. Ведомство өкілі киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктелетінін де түсіндірді .

 

939 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз