Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Сәуір, 2021

Алматыда отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтіледі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың қатысуымен Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау қаланың жұмыспен қамтылуын сақтау мен экономикалық өсуінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда пандемия кезеңінде отандық кәсіпорындарды қолдау бұрынғыдан да маңызды.

Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев бастаған Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы қазақстандық тауар айналымына, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындарды қолдау шараларына ықпал ететін бірқатар мәселелерді көтерді.

Отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов орын алған мәселелерге кешенді түрде қарауды және бас мердігерлердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерімен апта сайын кездесіп, әрбір жағдайды жеке қарастыратын Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелерінен жұмыс тобын құруды ұсынды. 

Мұндай пікірталас олардың арасында туындаған мәселелерді шешуге ықпал етеді. Жұмыс тобын құрудың басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

Өз кезегінде Өңірлік кеңес басшысы Максим Барышев бұл бастаманы қолдап, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудағы импортты бақылау мақсатында кәсіпорындарға көшпелі мониторингтік топтар құрудың маңыздылығын атап өтті.

283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз