Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Сәуір, 2021

АҚШ елшісі: Қазақстанда тікелей рейс ашуға қойылатын нақты стандарттар бар

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі Уильям Мозер АҚШ пен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстерін ашу жөнінде пікір білдірді. 

«Өкінішке қарай, пандемия салдарынан бөгелу болғанын мойындаймын. Яғни, бұл процесс пандемиядан кейін жалғасады. Өйткені Қазақстанда тікелей рейстер ашуға қойылатын нақты стандарттар бар. Олардың қатарында – жақсы визалық режим және қауіпсіздік стандарттары бар», - деді У. Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде. 

Оның айтуынша, тікелей әуе рейсін орнату бойынша стандарттарды жетілдіру үшін Вашингтоннан сарапшылар келуі тиіс. 

Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу қажеттігін айтқан еді.


 

 

340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз