Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Сәуір, 2021

 130 жыл бұрын табылған балбал тастар мен дулыға туралы не білесіз?

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында  «Отчетъ императорской археологической комиссии за 1899 год» атты көне жинақ сақталған. Бұл туралы орталықтың баспасөз хатшысы Камшат Тасболат мәлімдеді.

Бұл құжат Санкт-Петерборда 1902 жылы шыққан. Онда Ресей империясының түкпір-түкпірінен археологиялық қазба жұмыстарынан кейін табылған көне жәдігерлер жайлы айтылады. Оның ішінде ерекше назар аударатын жәйт – Жетісу облысында табылған балбал тастар. Құжатта жазылғандай, Шу өзенінің бойында, Қараой шатқалында 50 балбал тас табылған. Үлкен Кебен өзеніне қарай орнынан қозғалмаған әрі орнынан жылжытылған тағы біраз тас табылған екен. Сонкөл көліне жақын маңда өте үлкен балбал тастың табылғаны жайлы да жазылады. Ал Қаскелең шатқалында 3 балбал тас, 11 бағана табылыпты. Есеп бойынша, бір ғана Қараой шатқалынан қайтар жолда 100-ге тарта балбал тастың тұрғаны айтылады.

Сондай-ақ, Жетісу облысында XV ғасырдағы Константинополь арсеналына қатысы барын айқындайтын жазуы бар дулыға табылған. Дулығада арабша жазылған сөздер бар. Бұдан бөлек «қоңырауға ұқсайтын өрнекті зат» табылды делінген.

761 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз