Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Мамыр, 2021

Астанада 22 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Астаналық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағат 04.30-да Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" көпірінен ер адам секірейін деп тұрғаны хабарланған. Полицейлер келген уақытта ер адам секіріп үлгерген. 

"Біз суға секіріп, жігітті ұстап, өзеннің бойына, қауіпсіз жерге шығарып үлгердік", - дейді полицейлер. 

22 жастағы жігіт мас болғаны анықталған. Оған медицина қызметкерлері қажет көмекті көрсетті. Бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Одан бөлек, видео полицейлердің жетонына түсіп қалған.  

 

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз