Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Мамыр, 2021

Мотоцикл жүргізушісі 10 жасар баланы қағып кетті

Ақтөбе облысында мотоцикл тізгіндеген ер адам велосипед айдап бара жатқан баланы қағып кетті.

Оқиға Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында болған.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік номері жоқ мотоцикл тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші велосипедпен кетіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

«Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, Байғанин ауданындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Автокөлік жүргізушілері мотоциклистерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге мұқият қарау керек. Ал екі дөңгелекті көлік құралдарының жүргізушілері жол ережелерін және жеке қауіпсіздік шараларын оқып, қатаң сақтауы керек», - деді полиция өкілдері.
 

555 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз