Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Мамыр, 2021

Қытайда алапат құйын болды

Қытайдың Ухань және Сучжоу қалаларында жойқын торнадодан 12 адам қаза тауып, 400-ден астам тұрғын жарақат алды.

Қытай газеті таратқан мәліметке сенсек, Орталық Қытайдың Хубей провинциясында орналасқан Ухань қаласында табиғат апатынан 8 адам мерт болған, 280-і зардап шекті. Сенбі күні таңертең күшті жел мен құйыннан 480 тұрғын үй қирап, зақымданған. 8 мың шаршы метр аумақта құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттар опырылып қалды. Сол күні Уханьның Тяньхэ халықаралық әуежайында 87 рейс кешігіп ұшты, тағы 123 рейс мүлде кейінге қалды. Шығыс Қытайдағы Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында дауылдан 4 адам көз жұмды. 149 тұрғын жарақат алды. Үскірік желдің екпіні секундына 23,9 метрге жеткен.

inform.kz 

768 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз