Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Мамыр, 2021

Риддер тұрғындарына баспана салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов дала өртінен зардап шегіп, баспанасыз қалған Риддер тұрғындарына арнап салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты.

Бұл жайында аймақ басшысы Instagram парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Риддер қаласына бардым. Құрылыс алаңында болып, мердігер ұйымдардың басшыларымен кездестім. Барлық компанияларға ұсынған жақсы жобалық шешімдері, сондай-ақ құрылысты уақтылы және тиімді бастағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың әрқайсысы алда тұрған жоғары әлеуметтік жауапкершілікті сезінетініне және өңіріміз үшін маңызды миссияны нақты жүзеге асыруға барлық күш-жігері мен кәсіби тәжірибесін жұмсайтынына сенімдімін» деп жазады Даниал Ахметов. Оның сөзіне сенсек, халыққа берілген уәденің бәрі орындалады. Бұл жұмыс ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында. «Тұрғындар күзге дейін тұрмысын орнықтыру үшін үйлердің құрылыс мерзімін қысқартуға тырысамыз. Мұнда үлкен, сапалы үйлері мен кең, жарық көшелері бар бар әдемі және заманауи шағын аудан пайда болады. Келесі аптада келісім жасалғаннан кейін жол төсемінің негізін дайындау жұмысына кіріседі. Үймен қатар бірден жол салып, жарықтандыру жүргізіп, аумақты, соның ішінде балалар мен спорт алаңын абаттандырамыз. 24 мамырда, уәде етілгендей, тағы бір мәрте тұрғындармен кездесу өткіземін. Мердігер ұйымдармен бірге құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырамыз. Қолдау мен көмек үшін баршаңызға зор алғысымды білдіремін. Біздің күшіміз - бірлігімізде» дейді әкім.


 

787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз