Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 07 Маусым, 2021

Сайран көлі

Сайран-Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан жасанды көл. Үлкен Алматы өзенінің суқоймасы. Өтеген батыр, Төле би, Тілендиев көшелері және де Абай даңғылымен шектелген. Төле би көшесінде бөгеті орналасқан. Қасында Сайран автовокзалы орын тепкен.
Сайран бөгеті  1971 жылы салынды. Көл айналасы көріктендіріліп, әдемі жағажайы мен су қайық бекеттері ұйымдастырылып, қала тұрғындарының демалыс орнына айналған болатын. Уақыт өте бұл көлдің айналасы қоқысқа толып, қайта-қайта суының ластануына байланысты бірнеше рет суын және айналасын тазарту жұмыстары жасалды.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

3605 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз