Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 12 Маусым, 2021

Орманды әуеден қорғау мекемесі жаңа техникамен жұмыс жүргізді

Еліміздің барлық өңірінде жазғы өрт қаупінің деңгейі жоғары. Сондықтан өртке қарсы қызмет мекемелері сақтықты барынша күшейтуге тура келеді. Әсіресе адам аяғы жете бермейтін таудың тік, құлама беткейлеріндегі өртті сөндіру жұмыстары ерекше жаттығуды талап етеді. Бұл жұмыстардың алдын алатын «Қазавиаорманқорғау» мекемесі өзінің жаңа өртті ауыздықтау техникаларын сынақтан өткізді.

Таулы аймақтарда өртті сөндіру өте қиын. Оған бір ғана мысал жақында ғана болған Риддердегі жағдайды айтуға болады. Алматыда да осындай жағдайлар бұрынырақта Үлкен Алматы шатқалы мен Болай тауында орын алған. Ол жаққа су көздерін жеткізу де оңай емес. Кезекті авиажаттығу жұмыстарында осы жағайларға барынша дайындық пысықталды.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Авиациялық-өрт сөндіру қызметінің басшысы Сергей Поляковтың айтуынша, мекеменің жаңадан сатып алған РДВ-1000 В құрылғысы оқу-жаттығуда сәтті қолданылды. Оның көмегімен аса қауіпті жерлерге 1 тоннаға дейін су жеткізуге болады. Сондай-ақ, өрт шығып жатқан жерге «Қазавиақұтқару» тікұшағының экипажы Helicopter bucket атты су төгетін тікұшақ шелегімен жұмысты орындауын машықтанды. Ол құрылғымен өрт ошағына 5 тоннаға дейін су жеткізуге болады.

«Қазавиаорманқорғау»  мекемесінің Сорбұлақтағы бұл жаттығу жұмыстары-десантшылардың тікұшақтан өрт ошағына қонуға психологиялық тұрғыдан дайындауға жәрдемдеседі. Түсіру кезінде арнайы роликті құрылғы қолданылады. Десантшы өз салмағына сәйкес режимді өзі таңдайды. Олар әр түрлі биіктен түсуді үйренеді.

Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімінің басшысы:

- Маусымдық өрттің алдын алу үшін жер үстінде және әуеден оқу-жаттығуларын жүргізудеміз. Бүгінгі таңда Алматы облысында таулы аймақтарда өрт тіркелген жоқ. Бірақ күздің соңғы айына дейін қауіптілік жоғары. Ол жерде өрт бола қалса тікұшақпен шұғыл түрде десантшы-өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылады. Оларды біздің мекеме дайындайды.

Осы күндері биылдыққа бірінші рет осындай оқу-жаттығуымызды бастап отырмыз. Мұндай жұмыстар енді ай сайын өткізілді. Шараға Алматы және Талдықорған авиа бөлімшелерінің қызметкерлері мен 14 десантшы қатысты. Оларға 20,30,40 метрден 3 реттен тапсырма берілді. Өрт ошағына суды шашудың биіктігін командир арқылы жер бедеріне байланысты белгіледік.

Оқу жаттығу жұмыстары Сорбұлақ көлі жағасындағы алаңда өтті. Біз осыған жұмыстарды Боралдай әуежайында өткізіп келгенбіз. Қазір ол жерде сәт сайын ұшулар орындалып жатқандықтан, осы жақты таңдадық. Тікұшақпен ұшу - 2 сағат 50 минутты қамтыды.

Тапсырма орындаған десантшыларға бірнеше ескертпелер айтылды. Өйткені мұнда бірінші рет қатысып отырған десантшылар да болды. Бірақ, тапсырмалар тиісті дәрежеде орындалып, оларға 4 деген баға қойылды. Дегенмен, көп қателік болған жоқ. Өрт болғандада тура осы жағдайлар орындалады.

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

3250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз