Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 15 Маусым, 2021

51 жасында Назарбаев университетін бітірді

«Міне, әйелдерге нағыз мотивация. Әсіресе, психологқа ақша шашып жүргендер үшін. Менің досым Мадина Қасымова 51 жасында Назарбаев Университетінің медбикелік ісі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін қызыл дипломға қорғап шықты»,-  деп жазды тележурналист Шынар Омарова фейсбуктегі жазбасында.

Ол а ағылшын тілінде оқыды. Шатып-бұтып жүрген ағылшыны төселіп қалды. 49 жасында тәуекел жасап түсіп, екі жылда үздік аяқтаған құрбымның жетістігіне щын қуандым. Ой, біздің жасымыз келді, оқуды меңгеру қайда деп жүрген келіншектердің құлағына алтын сырға. Мадинаның күйеуі, ұлы, келіні бар. Отбасының тіршілігі, отағасын күту, келінмен қарым-қатыгас осының бәрінің шашауын шығармай жүріп Назарбаев университетін қызыл дипломға бітіру деген ЕРЛІК. Әлеуметтік желіде психолог тыңдап уақыт өткізіп жүрген әйелдер мотивацияны осындай әйелдерден алыңдар! Мадина білімің береке әкелсін! Сен біздің мақтанышымызсың. Тоқтама, магистр бол!",- деп жазды тележуналист Шынар Омарова өзінің жазбасында.

1248 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз