Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Тамыз, 2021

Тілді үйретудің тың тәсілі

"LinguaLeo" қазақ тілін оқытады.

Үйренем деген адамға қазақ тілін тез меңгеруге қажетті әдістемелер аз емес. Оқу әдістемелік кітаптарды былай қойғанда Тіл комитетінің тіл үйренуге арналған 13 электрондық порталының 4-5-еуі тіке тіл үйренуге бағытталған.

Одан бөлек тілді тез меңгеруге қолайлы мобильдік қосымшалар да бар. Жуықта тағы заманауи үлгілермен жаңаларын жасап, іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Бұл туралы келесі мақалада кеңінен таныстыратын боламын.

Жалпы, Білім және ғылым министрлігі тіл оқыту процесін цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Өзінің тиімділігін дәлелдеген әлемдік танымал электронды тілқұралдарды қазақтілді білім беру платформаларына енгізу - басты міндет.

Бұл бағытта келіссөз жүргізу, ұйымдастыру жұмыстары басталып та кетті.

Тіл саясаты комитеті «Тіл-Қазына» орталығы «LinguaLeo» ЖШҚ компаниясы басшылығымен онлайн-кездесу өткізіп, білім беру платформасына қазақ тілін оқыту курсын енгізу мәселесін талқылады.

Жақын арада екі мекеме арасында «LinguaLeo» платформасына қазақ тілі курсын әзірлеп, енгізу жөнінде меморандум ресімделетін болады.

Тіл комитеті «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тіліндегі контентті әзірлеп, ұсынуға дайын. Осы аптада екі компанияның сарапшылары арасында контенттік-лингвистикалық бөлім бойынша кездесу өткізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік «Lingualeo» бұл шет тілдерін үйренуге ыңғайлы платформа.

Қазір қосымша арқылы 20 тіл оқуға қолжетімді.

Бүгінде бүкіл әлем бойынша 23 миллионнан аса адам «Lingualeo» қолданады.

388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз