Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 15 Қараша, 2023

Қыркүйек айында 169,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

2023 жылғы қыркүйекте есепке 169,4 мың бірлік автокөлік құралы қойылды,  бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7% есе көп, оның ішінде автобустар 1,8 есе, жүк автомобильдері – 1,8 есе және жеңіл автомобильдер саны 1,6 есе өсті, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны

5 161,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жеке меншікте 4 542,7 мың женіл автокөлік болған. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдер саны 18,6%-ға артты.

Сонымен қатар, тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі – 87,5% бензинмен жүреді, 8,3% – аралас жанармаймен, 1,9% – дизель отынымен, 0,1% – газбаллонды отынмен және тағы 0,1% электр қозғалтқыш есебінен қозғалады. Бензин отынымен жүретін жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы қаласында тіркелген – 496,8 мың бірлік, Алматы облысында – 478,6 мың бірлік және Астана қаласында – 314,2 мың бірлік.

2023 жылдың 9 ай ішінде 9869 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14016 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 3,8%-ға қысқарды, зардап шеккендер саны 7,1%-ға азайды.2)

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 44,9 млн. теңге сомасына 80913 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.3)

8338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз