Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Қаңтар, 2024

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 10% көбейді

2023 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 25 741,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3% азайды, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2023 жылғы қаңтар-қарашада тауарлар экспорты 9 904,6 млн АҚШ доллары (10% артық) болса, импорт – 15 836,8 млн АҚШ доллары (9,7% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 91,6%, бұдан әрі Қырғызстанға – 5%, Беларусқа – 3,3%, Арменияға 0,2% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі –26,5%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 26%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,3%.

581 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз