Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Наурыз, 2024

Қазақстан БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының форумына қатысты

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының форумына қатысты, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының форумында елімізді ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Жандос Ақтаев таныстырды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері Венадағы БҰҰ-ның есірткі жөніндегі 67 комиссия мүшесінің алдында сөз сөйлеп, «Есбол» қоры мен басқа да қоғамдық ұйымдардың бастамаларын айтты.
«Біз салауатты және қауіпсіз қоғам құруға тырысамыз, бірақ ғылыми негізделген стандарттарды алдын алу жұмыстарына енгізбей бұл мүмкін емес. Алдын алу бойынша халықаралық стандарттар әзірленді. Бұл БҰҰ-ға мүше елдер үшін олардың есірткіге қарсы саясатын жүргізуде шешуші құжат болуға тиіс», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, Қазақстан өкілі БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы форумына алғаш қатысып отыр.

609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз