Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Наурыз, 2024

Әсел Қанай Antalya 2024 турнирінің қола жүлдегері атанды

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден өтіп жатқан Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирінде Әсел Қанай үшінші орынға ие болды.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз қола жүлде үшін таласта франциялық Леа Авазериді 4:2 есебімен есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұл жарысқа 60 елден үздік 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр. Сондай-ақ барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі бүгін белгілі болады.

Фото: gov.kz

368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз