Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Наурыз, 2024

Көркем гимнастика: Қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті

Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі "Афродита" кубогі аяқталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сында қазақстандық гимнастар сәтті өнер көрсетті.

Атап айтар болсақ, Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс,  Айбота Ертайқызы таспамен және  ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар. 

Ұлттық құрама мүшесі Эрика Жайлауова доп жаттығуы бойынша алтын жүлдегер атанды. 

Айта кетелік, Қазақстан жасөспірімдер командасы топтық жаттығуда турнирдің екі медалін жеңіп алды. 

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз