Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Наурыз, 2024

Теннистен Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі басталды

Кучингте (Малайзия) World Junior Tennis Competition 14& under Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің матчтары басталды.

Жеребе қорытындысына сәйкес 14 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан қыздар құрамасы В тобына түсті. Онда Иран, Малайзия және Индонезия командаларымен ойнайды. Қазақстан намысын мына спортшылар қорғап жатыр: Найля Баймахан, ⁠Екатерина Кирюшенко және Медина Өтепберген. Команда капитаны — Марат Шәріпов. Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы матчында Индонезияға 1:2 есебімен жол берді.  Медина Өтепберген Путри Хансадан 5:7, 1:6 есебімен ұтылса, Найля Баймахан Курниаван Эмелиден басым түсті — 2:6, 6:2, 6:2.  Шешуші, жұптық сында Н.Баймахан — Е.Кирюшенко Путри — Эмелиден айласын асыра алмады — 2:6, 6:7 (2:7).

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 16 команда қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Плей-офф бәсекесіне әр топтан екі құрамадан шығып, командалық әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады.  Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің 18-ракеткасы Александр Бубликтің жеке рекордын орнатқанын жазған болатынбыз.

 

341 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз