Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Наурыз, 2024

Қарағанды облысында әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлының хабарлауынша, оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады.  

Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген. 

– Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев. 

Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды. 

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу бүгін аяқталады.

Фото: Думан Жұмашұлы

203 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз