Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Наурыз, 2024

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады - Қаржы министрі

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады. Бұл туралы  Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. 

«Елбаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», — деді министр.

Осы орайда Мәди Такиев елбаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатындығын, қандай қаржы көздерінен қаржыландырылатындығын айтпады.

Фото: ашық дереккөз

194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз