Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Наурыз, 2024

Ақтауда қалалық автобустар 22 наурызда тегін қызмет көрсетеді

Ақтауда 22 наурыз күні Наурыз мейрамына орай қалалық қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтары №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейіловтің айтуынша, автобустар тұрақты кестеге сәйкес жүреді. - Бұл үрдіс жыл сайын Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылады. Қоғамдық көліктер тұрақты кестеге сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді. Барша қала тұрғыны мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтаймын, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейілов.

198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз