Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Наурыз, 2024

Нұрқанат Серікбаев - дзюдодан Grand Slam жарысының жеңімпазы

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды. Финалда ол Израиль спортшысы Ям Уолцакты ұтты. 

60 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, бесеуін де жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде ол Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) және Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. Ал жартылай финалда Grand Slam жарысының үш дүркін жеңімпазы Балабай Агаевты ұтқан болатын.

Айта кетерлігі, бұл отандасымыздың Grand Slam жарысындағы алғашқы алтыны. Бүгінгі нәтижесі Нұрқанат Серікбаевқа әлемдік рейтингте қосымша 1000 ұпай еншілеуіне мүмкіндік береді. 

Ал әйелдер арасында Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде еншіледі. Жұбаныш финалында ол испаниялық Мирея Лапуерта Комосты жеңді. 

Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы наурыздың 24-іне дейін жалғасады. Жарысқа 83 елден 531 татами шебері қатысып жатыр.

403 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз