Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Наурыз, 2024

Бибісара Асаубаева SWISS QUEENS WEDNESDAY турнирінің чемпионы атанды

Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.
Бибісара Асаубаева - 10,5 ұпай (300 доллар)
Теодора Иняц - 8,5 ұпай (250 доллар)
Савита Шри Баскар - 8,5 ұпай (200 доллар)
Вантика Агравал - 8 ұпай (150 доллар)
Фам Ле Тхао Нгуен - 7,5 ұпай (100 доллар)
Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз