Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Сәуір, 2024

Қызылордада каратэден Қазақстан кубогының үздіктері анықталды

Қызылорда қаласында каратэнің киокушанкай-кан жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының үздіктері анықталды.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан 700-ге жуық спортшы екі күн бойы жекпе-жек өткізді. Олар ката және кумитэ жүйелерінен сынға түсті.

Қазақстан кубогында астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олардың еншісінде барлығы 54 (22 алтын, 15 күміс, 17 қола) медаль бар.

Ал Ақмола облысының командасы 18 (8-7-3), Ұлытау облысы 21 (7-4-10) медаль еншіледі.

Жарыс барысында спортшылар биыл маусым айында өтетін Азия чемпионатына жолдамаларды сарапқа салды.

Сондай- ақ, дан-тест емтиxанынан өткен спортшыларға қара белбеу табысталды.

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз