Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Сәуір, 2024

Эрика Жайлауова Sofia Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан халықаралық турнирде көпсайыстан жекелей сынның іріктеуі аяқталды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, көпсайыста қазақстандық Эрика Жайлауова 125.15 ұпай жинап, 3-орынды жеңіп алды. 

Мұнда болгариялық гимнастар – Боряна Колейн мен Эльвира Краснобаева жақсы нәтиже көрсетті. Тағы бір отандасымыз Айым Мейіржанова 4-сатыдан көрінді (124.25 балл). 
Бұл бағдарламаның финалы ертең өтеді.

Енді ұлттық құрама спортшылары Милана Парфилова – доп, шығыршық, лентадан, ал Эрика Жайлауова – шығыршық, доп, ұршықтан, Айым Мейіржанова – ұршық пен лента жаттығуында жүлдеге таласады.

Осы орайда айта кетейік, Эрика Жайлауова 2023 жылы Валенсиядағы лицензиялық әлем чемпионатының іріктеу сатыснда финалдық кезеңге өтуге сәл ғана жетпей, 19-орынға тұрақтаған еді. Сонымен қатар ол өткен жылы Ханчжоу төріндегі командалық жарыста 3-орын алған болатын.

771 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз