Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында өлген жануарлардың шығыны есептеліп жатыр

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде өлген жануарлардың шығыны есептеліп жатыр, - облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
 Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, бүгінгі күнге өңірде мал шығыны бойынша 3232 бас анықталған. Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктер мен ветеринар-мамандар бірлесіп, шығын болған жануарлардың өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде.
«Жалпы 1223 бас өртеліп, утилизация жасалды. Ауыл шаруашылығының тапсырмасымен, Астана қаласынан  осы шараларға көмектесу үшін 40 тонналық жылжымалы инсинератор автокөлігі жіберілді. 30 бірлік техника жұмылдырылып, ветеринарлар қажетті дезинфекциялық заттармен қамтылды. Облыс бойынша 3 сібір  жарасы көмінділері бойынша Мартөк ауданы Сарыжар ауылы, Темір ауданы Қайыңды ауылы және Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылында су басуы тіркелді. Су басқан көмінділердің қираған, бүлінгені жоқ. Жер кепкеннен кейін арнайы құзырлы мекемелер арқылы бұл жерлерден сынама алынып, тексерілетін болады», — дейді Айбек Сембай.
Бүгінде облыста жоспарға сәйкес малға вакцина егіліп жатыр. Оның ішінде сібір жарасына, қарасанға, обаға, аусылға, нодулярлы дерматитке, пастереллез және күлге қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде.
Мал иелеріне өтемақы нарық құнына және малдың жас ерекшелігіне қарай төленеді. Бұл бағытта қазір өңірде құрылған комиссия жұмыс істеуде.

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз