Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2024

Кемал Ақышевтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Астанада Кемал Ақышевтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Кемал Ақышевтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Іс-шара барысында архивтік сұхбаттары ұсынылды, фильмдер көрсетілімі мен Кемал Ақышевтің ғылыми жолын баяндайтын фотокөрме, ретроспектива ұйымдастырылды. Ғалымның 100 жылдық мерейтойына арналған екі монография таныстырылды.
Кемал Ақышев – Ұлттық археологиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі. Есік қорғанын қазу жұмыстарына қатысып, «Алтын адамды» тапқан ғалым.
Кеңес және қазақ археологы, 200-ден астам ғылыми еңбектің және 15 шақты кітаптың авторы. Отырар музейінің ашылуына да көп үлес қосқан қайраткер.
Семинарға отандық және шетелдік ғалымдар, археология, тарих, Этнография институттарының, сондай-ақ университеттер мен мұражайлардың өкілдері қатысты.
Іс-шараны Кемал Ақышев атындағы археология ҒЗИ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің археология және этнология кафедрасы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды.
Серіктестер қатарында М.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Саха Республикасы) және Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті бар.
Кемал Ақышевтің 100 жылдық мерейтойына орай  «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында да конференция өтеді. Оған Қазақстан,алыс-жақын шет елдерден және ТМД елдерінен жиналған 10 академиялық және жоғары оқу орындары, 50-ден астам ғалым қатысады.

89 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз