Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2024

Орталық Азиядағы ең ірі – AUTOMECHANIKA ASTANA – 2024 Халықаралық көрмесі ашылды

Елордада Орталық Азиядағы ең ірі – Automechanika Astana – 2024 халықаралық автомобиль көрмесі ашылды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлайды.

Іс-шараны Business Media Central Asia Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен және Business Media Central Asia серіктестігі негізінде ұйымдастыруда. Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ биылғы наурыз айында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Messe Frankfurt Азия аймағы бойынша өкілдігімен (Гонконг қ.) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Көрме 17-19 сәуір күндері Астанадағы ЕХРО халықаралық көрме орталығында өтеді. Халықаралық аудиторияға инновациялық өнімдер, қызметтер мен технологиялардың кең ауқымы көрсетіледі.

Automechanika Astana – 2024 көрмесіне әлемнің 20 елінен 450-ден астам экспонент қойылған. Сонымен қатар үш ұлттық павильон жұмыс істеп тұр. Көрмеге 15 000-нан аса адам келеді деп күтілуде. Көрме экспозициясының ауданы шамамен 14000 м2 құрайды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысты.

«Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Messe Frankfurt ірі компанияларының бірімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Осы уағдаластық аясында Messe Frankfurt Automechanika Astana 2024 халықаралық көрмесін ұйымдастырып жатыр. Астана – еліміздің саяси, әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы. Қалада Орталық Азиядағы MICE туризмнің орталығы деп атауға қажетті барлық инфрақұрылым бар. Біз аталған қызметтерді туристер үшін ыңғайлы және тартымды етуге тырысамыз. Бұл өз кезегінде, ұлттық экономиканың дамуына және оның әлемдік нарыққа интеграциялануына айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, Automechanika Astana 2024 көрмесіне 15 000 адам келеді деп күтілуде. Оның ішінде 3000-ы алыс шетелдің азаматтары. Статистика бойынша, елімізге келген әрбір турист елде болған уақытта кемінде 1400 доллар жұмсайды», - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Қатысушы елдердің қатарында Қытай, Дания, Германия, Үндістан, Испания, Италия, Литва, Малайзия, Таиланд, Түркіменстан, Түркия, БАӘ, Польша, Ресей Федерациясы, Беларусь, АҚШ, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония бар. Бұл – Орталық Азиядағы іскерлік және конгресстік туризмнің хабына айналған Қазақстанға деген жаһандық қызығушылықты көрсетеді.

Фото: дереккөзден алынды

88 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз