- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 19 Сәуір, 2024
Тасқын кезінде зардап шеккендерге 2,4 млрд теңге көмек көрсетіледі
Өңірлік комиссиялар Республика бойынша 16 мыңнан астам өтініш қабылдаған. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлады.
Зардап шеккен өңірлерде 2800-ге жуық отбасы шамамен 2,4 млрд теңге біржолғы төлем алды.
Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 566 млн теңгеге жетті. 3 мың тұрғын үй тексеріліп, 1800-ден астам нысан бойынша бағалау жүргізілді. 206 отбасы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 254 млн теңге төлем алып үлгерді.
Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары Үкіметтің қатаң бақылауында.
Фото: дереккөзден алынды
367 рет
көрсетілді0
пікір