Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Сәуір, 2024

Еліміздегі су қоймаларының қазіргі жағдайы қандай?

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасында судың асу биіктігі 316 сантиметр.
Осы уақытқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1312 см, бір тәулікте 23 см төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 80%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына су жіберу жалғасуда. Ертістегі су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
 
Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 83%. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 884 см.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су ағыны жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Сондай-ақ, 27 наурыз бен 18 сәуір аралығында Тобыл, Есіл, Жайық және Елек өзендері бассейндерінің су қоймаларына 19 текше шақырым тасқын суы келгенін айта кеткен жөн.

Биыл су жіберу көлемі 16 текше шақырымды құрады. Осылайша, қазіргі уақытта су қоймаларында 3 текше шақырым су жиналды. Салыстырмалы түрде, бір жыл бұрын 1,2 текше шақырым су жиналды.

Фото: 2051.vision

421 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз