Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2024

Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика мәселелері талқыланды

Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика: тенденциялар мен өзгерістер» атты дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Шараға академиялық қоғамдастықтың өкілдері, медиакоммуникация саласының сарапшылары мен журналистер қатысты.
Жиын барысында журналистика саласында білім берудің түйткілдері, салалық журналистиканың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың маңызы, цифрландыру дәуіріндегі журналистика тенденциялары талқыланды.
Қазір медиа саласында жаңа трендтер пайда болып, ақпарат таратудың өзгеше тетіктері қалыптасты. Сондықтан қатысушылар отандық жоғары оқу орындарында медиакоммуникация мамандарын даярлау жұмысы жан-жақты жетілдіруді талап етеді деген қорытындыға келді.

93 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз