Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 03 Сәуір, 2015

Президент сайлауы – елдік сынағы

«Сын сағаттарында дұрыс таңдау – тарихи шешім». Осындай атаумен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында республикалық конференция өтті. Жиынға есімі елге белгілі тарихшылар, оқу орнының ұжымы мен студенттер қатысты. Конференцияны ТарМПИ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова ашып, жүргізіп отырды. О. Көпбосынқызы өз сөзінде: «Егемендіктің елең-алаң шағында Елбасы-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы, бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар» деп, мемлекетіміздің болашағы баянды, келешегі кемел болатындығын бағдарлаған болатын. Қазіргі Қазақстан – тыныштық пен тұрақтылықтың мекені. Біз әлемнің көз алдында бірліктің бесігіне, татулықтың тірегіне айналдық. Біз бүгінгідей күрделі уақытта Мемлекет басшысының саяси батылдығының арқасында тәуелсіз Қазақстанның әрбір даму кезеңі жетістіктердің, көпұлтты Отанымыздың бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудың жылдарына айналғанын айқын сезініп отырмыз. Сан ғасырлар бойы Қазақстан жерінде түрлі мемлекеттік құрылымдар болды. Яғни, басқа тарихи пішіндер мен басқа тарихи кезеңдерде де әртүрлі саяси, экономикалық, әлеуметтік құбылыстар болып жатты. Қазіргі таңда егемен еліміз өзінің сол тарихын сақтай біліп, жаңа дәуірдегі бүгінгі заманға сай, барлық халықаралық тетіктерді қалыптастырып, үлкен жаһандық үдерістердің бел ортасында жүрген мемлекетке айналып отыр» деп, жиынның мән-маңызына тоқталып өтті. Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы Мақұлбек Рысдәулет өз баяндамасында Мәңгілік Ел болуды көздеген мемлекет, алдымен өз тек-тамырының тереңнен тартатынын және ата-бабасының өте бай тарихы бар екенін есінен бір сәтке шығармауы тиіс. Ұлттық идеяның өзегі - ұлт тарихында. Мұны Елбасы ешқашан назардан тыс қалдырған еместігін тілге тиек етті. Ал, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Жүрсінбаев демократиялық басқаруды қалыптастырудағы сайлаудың рөлі мен орны турасында өз ойымен бөлісті. Баяндамашы өз сөзінде: «Шын мәнісінде, бұл сайлау жай ғана сайлау емес. Бұл сайлауда келешегі кемел елдің тағдыры, ұлттың болашағы шешіледі. Бұл сайлау арқылы әлемдегі экономикалық және геосаяси ауыртпалықтарға қарсы ауқымды кең қорғаныс шарасы жасалынбақ. Бұл – уақыт талабы. Биылғы жыл – еліміздің өмі¬рінде маңызды оқиғаларға толы жыл. Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көр¬сетілгендей, ағымдағы жылы Қазақ хандығының 550 жыл¬дығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассам¬б¬леясының жылы мен ел Конс-титуциясының 20 жылдығы кең көлемде атап өтілмек. Сондай-ақ, келешегімізді айқындайтын экономикалық бағытта білім беру саласында біршама жобаларды жүзеге асыру көзделген» деді. Жиын соңында конференцияға қатысушылар тақырып аясында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Қазақта «Бақ, қайда барасың? Көр-шімен болған бірлігі, Мерекелі тірлігі, Ұйымшыл елге барамын» деген қанатты сөз бар. Баянды бо¬лашағымызды бағдарлап, кемел келе¬шегімізге жол ашар маңызды істе ел азаматтары «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» қолдау көрсетіп, сайлауға бір кісідей атсалысуға шақырамыз.

Жандар АСАН

1171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз