Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2015

Елбасы Шамғон Қажығалиевтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

942b8b94934ba5bca04d5aa5df98abd0_LБұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Елбасы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, барша халқымыздың мақтанышы болған Ш.Қажығалиевтің дүние салуына байланысты көңіл айтты.«Шамғон Сағаддинұлы – халқымыздың арасынан шыққан алғашқы кәсіби дирижерлердің бірі. Домбырашы, педагог ретінде өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Өзі басқарған Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрін әлемге танытып, талантты шәкірттердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол ұлттық бай мұрамыз бен классикалық шығармаларды насихаттауға аса зор еңбек сіңірді» делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев соңына мол мұра қалдырған Ш.Қажығалиевтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Дереккөз: 24.kz

589 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз