Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Маусым, 2015

Киіктердің қырылуына «көмектескендер» ұсталуда

Облыс полицейлері 119 киік мүйізін кескен амангелділік азаматты қолға түсірді. Амангелді АІІБ-нің мәлімдеуінше, мұндай оқиға ауданда осымен оныншы рет тіркеліп отыр екен. Бұлар – көктемдегі киіктердің жаппай қырылуынан соң жасалған қылмыстар. GE DIGITAL CAMERA
Тәртіп сақшылары тұзаққа түсірген 49 жастағы қылмыскер 119 бөкен мүйізін үйінің сарайында және көлік тұрағында жасырып келген.GE DIGITAL CAMERAКесілген мүйіздердің жалпы салмағы 10 келіге жақын. Күдікті, кейін мойындағанындай, әр келісін Қостанай қаласында 50 мың теңгеден сатуды жоспарлапты.GE DIGITAL CAMERAБұған дейін осы тәріздес заңсыз әрекетке барған 9 жерлесінің жауапкершілікке тартылғаны оған сабақ болмағанға ұқсайды. Тұтылғандардың бәрі 1 жыл бас бостандықтарынан айырылған еді. GE DIGITAL CAMERA Аталмыш деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: kostanaytany.kz
Жандос Жүсіпбек

764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз