Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Шілде, 2015

Сауд Арабиясында Назарбаев туралы тарихи фильм көрсетілді

photo_18559Сауд Арабиясының танымал телеарнасы Назарбаев туралы тарихи фильм көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Әл-Арабия" жетекші араб телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді 6 шілдеде көрсетті. "Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігі мұсылман әлеміне танымал "Әл-Арабия" телеарнасымен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді көрермендердің назарына ұсынды. Бұл тарихи фильмде Қазақстанның қалыптасуына және халықаралық саясаттың дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегі, қысқа мерзім ішінде еліміздің қарқынды дамуы, Елбасы айқындаған қазақстандық жолдың биік белестерді өткергендігі туралы деректер көрсетілген. Сонымен қатар, Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат және адам ретіндегі көпқырлы тұлғасы осы фильмде айқындалған", - делінген министрліктің хабарламасында. Айта кетейік, "Әл-Арабия" - 2003 жылдан бері тәулік бойы жұмыс істейтін, араб тілінде хабар тарататын жерсеріктік телеарна. Штаб-пәтері Дубайда орналасқан. Телеарна аудиториясы 30 миллион адамға тең. "Әл-Арабия" телеарнасының бағдарламалар тізімін жаңалықтар, сараптамалық хабарлар, ток-шоу және деректі фильмдер толықтырады.

649 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз