Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Шілде, 2015

Ғалымдар: қалта телефоны мен Wi-Fi онкологиялық ауру тудырады

СнимокКүндіз-түні ұялы құрылғыны жанынан тастамайтындар үшін жағымсыз жаңалық келіп жетті. Ғалымдардың Electromagnetic Biology & Medicine беделді басылымында жариялаған мақаласына сәйкес, сымсыз әрі сәнді гаджеттер адамды онкологиялық дерттерге шалдықтыруы мүмкін. Бұл жайында 24.kz. хабарлайды.
 Себебі, смартфондар мен өзге де сымсыз құрылғылардан тарайтын радиация ағзада метаболикалық тепе-теңсіздік тудырады. Ал бұл құбылыстың соңы обыр мен өзге де ауруларға әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, қалта телефонын үнемі пайдаланудан бас ауырып, адам шаршап, тері тітіркенеді екен. Дәрігерлер түнде жатар орыннан қалта телефоны, планшеттерді алысқа шығарып тастап, уай-файды сөндіріп жатуға кеңес беруде, деп жазады informing.ru. 24.kz

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз