Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Шілде, 2015

Алматыда аудандық онкологтар мен маммологтардың II республикалық семинары өтті

3 Шілденің 24 күні аудандық онкологтар мен маммологтардың ІІ республикалық  семинар-кеңесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 330 делегат жиналды. Оған 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, онкологиялық диспансер дәрігерлері қатысты. Ең алғашқы семинар 2011 жылдың 14 қарашасында Астанада өткен еді. Бұл форумда мамандар онкоқызметті жетілдіру жолдарын қарастырған болатын. Ал бұл жолғы аудандық онкологтар мен маммологтардың II республикалық семинарында отандық денсаулық саласының маңызды мәселелері талқыланды.1 Жиынға келген мамандарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтгүл Самақова құттықтап, басқосудың маңыздылығын атап өтті. Депутат: «Отандық онкология жыл сайын дамып келеді. Қатерлі ісікпен күресте онкологтар мен маммологтардың қызметі аса маңызды. Сондықтан жұмыстарыңызға табыс тілеймін»,- деп сөзін аяқтады. Бұл жолғы семинарда онкологиялық қызмет пен амбулаторлық-емханалық ұйымдар қызметін біріктіру, онкологиялық, маммологиялық, ерлер және әйелдерді қарау бөлімдерінің жұмысын жандандыру, 65 және одан жоғары жастағылар арасында қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау үшін скринингтік және обырдың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру, онкологиялық қызмет саласына мониторинг және бағалау жүйесін енгізу, қатерлі дертке шалдыққан науқастарға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету сынды негізгі 5 мәселе күн тәртібіне қойылды. Журналистерге берген сұхбатында Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры Қуаныш Нұрғазиев: «Бүгінгі семинарда аудандық онкологтар мен маммологтарға 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаның бағыттарын түсіндіріп, өзара пікір алмасуды негізгі орынға қойдық. Сосын олар әр ауданда халықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оған қоса, әр адамның денсаулығына деген жауапкершілігін көтеру шараларын дамытады. Сонымен қатар, жаңа технологиялар енгізу үрдісін дамыту үшін қызметкерлерге шеберлік сыныптарын үйымдастыру да басты назарымызда» деп семинардың негізгі мақсаттарын атап айтты.2 Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры Гүлнәр Құлқаева: «Бүгін аудандық мамандарды жинап отырмыз. Олар халыққа ең жақын адамдар. Бүгінгі таңда онкоаурулар бойынша өлім-жітім көрсеткішін азайтуымыз керек. Бізге дәл осы жолда аудандық мамандардың көмегі аса қажет. Алғашқы көмек көрсету қызметінде де олардың еңбегі орасан» деген ойымен бөлісті. Республикалық семинар соңында онкоқызметті арттыруға үлес қосқан аудандық онкологтар мен маммлогтар марапатталады.   ҚОСЫМША АҚПАРАТ «2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық көмекті жетілдіру бағдарламасы» аясында 101 онкологиялық, 273 маммологиялық, 18 проктологиялық бөлім ашылды. Бүгінгі таңда бұл бөлімдердің жұмысын жандандыру әлі де күн тәртібінде тұр.  Бұл бөлімдер қатерлі ісіктің алдын алу мен оны ерте сатысында анықтауда маңызды орынға ие. Елімізде аудандық онкологтар саны 350-ге (2011 ж. – 263), ал маммологтар 207-ге (2013 ж. – 166) дейін артты. Ресми мәліметке сүйенсек, 2015 жылдың 6 айында 17 130 қатерлі ісікке шалдыққан науқас тіркелді. Оның 55,4% I-II сатысындағылар. Обыр дертінің көрсеткіші Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысында жоғары екен. kazgazeta.kz
   

386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз