Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Тамыз, 2015

Алдағы 5 жылда Қазақстандағы пойыздардың барлығы жаңартылады

Қазақстанда екі жарым жыл ішінде 1250 шақырымдай темір жол салынған.

пойыз Оның ішінде «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» желісі бар. Айналма жолдар мен іркіліс бұрылыстар артта қалып, елдің оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысының арасы бірталай жақындай түсті. Қазақстан темір жолшылары жолаушы тасымалына да жауаппен қарайды. Алдағы 5 жылда ескі-құсқы поездардың барлығы дерлік жаңартылмақ. Шар-Өскемен арасын төте жалғайтын 151 шақырымдық жол бойында Ұлан мен Жарма аудандарындағы 5 станса мен бірнеше разъезд құрылған.
Алдағы 5 жылда ескі-құсқы поездардың барлығы дерлік жаңартылмақ.
“Бұрын Алматыға қатынайтын ел-жұрт Ресей елінің шекарасы арқылы екі тәуліктен астам жолда жүрсе, бүгінде 15-16 сағатта оңтүстік астанаға жетеді”, – дейді «Досжан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы  Мұрат Қоқаев. Елімізде соңғы 2,5 жылдың ішінде ұзындығы 1250 шақырымдай су жаңа темір жол салынған. Соңғы 5 жылда поезд вагондарының барлығы дерлік жаңартылмақ. Билетке жеңілдік бар. “Неғұрлым жолаушы ерте сатып алса, билетті 35 пайызға дейін жеңілдікті пайдалануға болады. Одан бөлек, бізде бірнеше жеңілдікті карточкалар бар. 16-25 ке дейінгі жастарға 10 пайыз жеңілдік болса биылғы 1 тамыздан бастап 30 пайызға көтерілді”, – дейді «Қазақстан Темір жолы ҰК» Жолаушылар тасымалы» АҚ бөлім басшысы Әубәкір Смайылов.
16-25 ке дейінгі жастарға 10 пайыз жеңілдік болса биылғы 1 тамыздан бастап 30 пайызға көтерілді.
Зейнеткерлер мен саяхатшыларға да 20-30 пайызға арзанға алуға болады екен. Жолаушылар тасымалы АҚ бөлім басшысы Әубәкір Смайыловтың айтуынша, елімізде 12 жүрдек поезд жүреді. «Жолаушыларға көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын көтереміз», – дейді мамандар. Тальголарда тегін интернет қосылып, жолға қажет жабдықтар таратылмақ. Дереккөз: Хабар

677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз