Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Тамыз, 2015

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

9a629c8995946fb352b706187b4242f3ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады. Bnews.kz  

386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз