Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2015

АҚШ-та «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмінің тұсаукесері өтті

1fd688fb5dbedc88e1bd396747ba3fc4АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BNews.kz. Кинотуынды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабының негізінде түсірілген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, фильм режиссері – Бақыт Қайырбеков, ал жобаның атқарушы продюсері – Андрей Хазбулатов. «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және орта ғасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды. Сонымен қатар кинофильмде Керей және Жәнібек, олардың ұлдары Қасым және Бұрындық билігі туралы жаңа деректер орын алған. Екі бөлімнің көрсетілімі ағылшын тілінде өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, ғалымдар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. BNews.kz

741 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз