Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 27 Маусым, 2016

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысы аяқталғандағы толық келбеті жарияланды (ФОТО)

Танымал теолог Досай Кенжетай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысы толықтай біткенде қандай болып шығатынын көрсеткен бірнеше сурет жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 "Мизам түсіп, - күз қызығы қалған кезде азайып,

Түркістанда бір ескерткіш бой көтерді ғажайып.

Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сән құрып,

Нән ескерткіш бой көтерді жұртты өзіне таң қылып.

Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан,

Сар даланың кеудесіне жазып жатты бір дастан..."

(М.Шаханов «Түркістан аңызы»)

1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген Тұранның Ақсақ жолбарысы – Әмір Темірдің бұйырығымен Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне алып кесене бой көтерді. Бұл сол кездегі шығыстағы сәулет өнерінің барлық мүмкіндігін пайдаланған бірден бір кешен еді.

Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темірдің тікелей өзі қатысып, өлшемдерді өзі анықтаған көрінеді. Кесене – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архетектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесенені тербездік Шараф ад-дин Тербездің баласы Абд ал-Азиз құрылыс жұмысын салған. Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырды. Темір заманында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Кесене оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу әдістері қолданылған. Ескерткіште күмбезді аркалы элементтер мол.

Алайда бізге жеткен қасиетті мұраның толық аяқталмағанын байқауға болады. Танымал теолог Досай Кенжетай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына аталмыш кесененің құрылысы толықтай біткенде қандай болып шығатынын көрсеткен бірнеше сурет жариялапты. Шериф ад-диннің жазбасынан оқығанымыздай егер құрлыс толықтай аяқталса бүгінгі сәулетіне сәулет қосары анық екен. Дегенмен суреттің астына пікір жазғандар екіге бөлініп отыр. Бір тобы бұл құрылысты аяқтауды қалайды. Тіпті еліміздің өркендеуіне осы құрлыстың толықтай бітуі ықпал етеді дегенді айтқандар да жоқ емес. Ал келесі топ, барға зар болып қалармыз, осы бойы тұрғаны да дұрыс деген пікірде.

Кесененің толық бейнесі компьютерлік графиканың көмегімен қалпына келтірілген.

46297c0bb98e5b51db0fe2e9d0d66204

 9339a99722c65e6b4b40264c5ed9f105

4547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз