Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Шілде, 2016

Экономист Ұлттық банкке халықтың ақшасымен ойнамауға кеңес беріп отыр

Ұлыбританияда өткен референдумда халықтың басым бөлігі Еуроодақтан шығуды қалағаны белгілі. «Brexit» деп атанып кеткен шешімнің нәтижесінде ағылшын фунты күрт арзандады. Соның салдарынан көптеген компаниялар шығынға батты. Алайда Қазақстанның Ұлттық банкі референдумға бір күн қалғанда қыруар қаржыны айырбастап үлгерді. Банк төрағасы Данияр Ақышев табыстың 10 пайыз көлемінде болғанын айтса да, нақты сомманы жариялаған жоқ. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономист Вячеслав Додоновтың ойынша, еліміздің қаржы реттеушісі ондай өзгерістің болатынын алдын ала білген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

«Меніңше, сол жерде (Ұлттық банкте – авт.) нақты бір өте білікті адам отырды. Ол жағдайды кәсіби түрде бағалап, активтерді дұрыс басқара білді. Шын мәнінде, бұл өте жақсы шешім болды. Дегенмен, ондай нәрсемен мүлдем айналыспаған дұрыс. Себебі бұндай әрекеттер кәдімгідей бір адамның Forex-те ойнағанымен бірдей. Ұлттық банк ондай жұмыспен айналыспаса, жақсы болар еді. Иә, табысты операцияның болғаны жақсы, балансқа да оң әсері бар. Алайда табысты операция тағы бір операцияны жасауға итермелейді. Ал оның аяқ жағы неге әкеліп соқтыратынын ешкім білмейді. Барлық операциялар табысты бола бермейді», - деді В.Додонов бүгінгі іс-шара барысында.

Айта кетейік, бүгін Астанада В.Додоновтың «АҚШ-тың әлемдік экономикадағы рөлінің өзгеруі: жаһандық тұрақтылыққа ықпалы» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымы болды. Шара барысында маман экономика саласына арналған сан алуан сұрақтарға жауап берді. Біз оның Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаны енгізу мәселесіне қатысты пікірін де білген едік. В.Додонов ол бастамаға үзілді-кесілді қарсы. Оның ойынша, бірыңғай валюта Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелмейді.

Арман АСҚАРОВ

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз