Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Тамыз, 2017

Курт Уолкер: Украина НАТО-ға кіру шешімін өзі қабылдайды

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер Киев әзірге НАТО құрамына кіруге дайын емесін мәлімдеді деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған Kazgazeta. Уолкер Украинаның Pryamyi телеарнасына берген сұхбатында бұл әскери альянс құрамына кіруге дайындық ұзақ уақытты алатынын айтты. Уолкер сонымен қатар Украина НАТО-ға кіру үшін барлық қажетті реформаларды, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді жүргізе алатынына сенім білдірді. "АҚШ, Еуропа Одағы мен Ресей Украинаның тәуелсіз ел екенін түсінуі тиіс. Украина НАТО-ға кіруге қашан дайын болатынын өзі анықтауы тиіс. Бірақ бұл Украина НАТО-ға кіруге шақырту алғалы тұр дегенді білдірмейді" деді Курт Уолкер. Уолкер Киевтің 1992 жылы ядролық қарудан бас тартуға шешім қабылдағанын құптап, "ядролық қару Украина үшін пайдалы нәрсе деп ойламайтынын" айтты.

663 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз